Нағима Қабылқызы Есқалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Нағима Қабылқызы Есқалиева (3 ақпан 1954, Алматы) - эстрадалық әнші. ҚР Халық әртісі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының педогог-профессоры.

Өмірбаяны

Нағима Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады.

  • Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.
  • Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген.
  • Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады.
  • Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.
  • 1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды
  • 1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі.
  • 1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайды
  • ХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді.

Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды.

  • 1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды.
  • Нағима Қабылқызы Есқалиева 1984 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ол музыка өнерпаздары ортасында Қазақстанның халық әртісі атағы берілген ең соңғы әртіс (1999 жыл)<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары", 2010</ref>

Марапаттары

  • Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
  • 1985 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі"
  • 1999 жылы "Қазақстанның Халық артисі"
  • 2013 жылы "Құрмет" Орденінің иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер