Нағима Ыдырысқызы Арықова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нағима Ыдырысқызы Арықова (1902-1956), партия және кеңес қызметкері. «Өкіл әйелдер не істеу керек?» деген кітапшаның және жүзге тарта публицистикалық мақалалалар мен аудармалардың авторы. Әуезовпен Семей губерниялық атқару комитетінде қазақ бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезінде танысқан. Қызмет бабында жиі араласып, түрлі мәжілістерде пікір алысқан. Кейбір көзқарас алшақтықтарына қарамастан, сыйластық қарым-қатынастарын сақтаған. Ә. өзінің кездесулерде сөйлеген сөздерінде күрескер әйөлдің көркем бейнесіне «Н. Құлжанова, Н. Арықова, Ә. Мәмбетова сияқты қайраткер қазақ қыздарын прототип етіп алу» ойында барын бірнеше жерде қайталап айтқан. Сол мақсатпен 1954 ж. жазда А-мен узақ әңгімелесіп, тиісті мәліметтер алған. Ол ойы «Дос - Бедел дос» пьесасында қылаң берді. Трилогия етіп шығармақ болған үлкен прозалық шығарма жазылмай қалды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нағима Ыдырысқызы Арықова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}