Наштай Мұхитдинов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Наштай Мұхитдинов (30.8.1941 жылы туған, Ордабасы ауданы Қарааспан ауылы) – ғалым, биология ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997). ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ) биология факультетін бітірген (1966). 1970 жылы осы оқу орнында ассистент, ал 1971 жылдан бастап оқытушы болды. 198083 жылы биология факультеті деканының орынбасары, 1983–88 жылдары ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың орынбасары қызметін атқарды. 1988 жылдан кафедра меңгерушісі, 19952000 жылдары биология факультетінің деканы. Мұхитдинов Қазақстанның әр түрлі экология жағдайларында – сор және сортаң топырақта, Іле Алатауының альпі, субальпі, бұталы, шөптесін өсімдікті белдеулерінде өсетін доминантты өсімдіктердің тамыр жүйесінің морфоқұрылымына алғаш рет талдау жасады. Табиғи флорадағы және мәдени өсімдіктердің 50 түрінің тамыр жүйесінің ерекшеліктерін және басқа да экологиялық жағдайларда өсетін 110 өсімдік түрлерінің тамыр жүйесін зерттеді. Бұл зерттеулер тамыр жүйесінің экологиялық бейімделу дәрежесін анықтауға әрі салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік берді. Мұхитдинов академик И.О. Байтулинмен бірге өсімдіктердің ерекше экологиялық түрін – факультативті және облигатты галоидофиттерді анықтады. Кейінгі жылдары ғалым факмокопеялық және болашағы бар дәрілік өсімдіктердің биол. ерекшеліктерін зерттеуде. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен (1984), «Үздік еңбегі үшін» (2003) медалімен марапатталған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Шығармашылығы

  • Геоботаника негіздері (оқу құралы), А., 1992;
  • Экологоморфологические особенности корневой системы растений солонцов и солонцеватых почв, А., 1996;
  • Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы (оқулық), өңделген екінші басылымы, А., 2001;
  • Лекарственные растения (учебное пособие), А., 2002..<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наштай Мұхитдинов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}