Нафтенді-хошиісті мұнай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нафтенді-хошиісті мұнай. Дистиллатты бөлігі нафтенді және хошиісті көмірсутектердің басымдылығымен (әдетте олардың мөлшері мұнайдың жоғары фракцияларында арта түседі), қатты парафиннің төмен мөлшерімен (әдетте 1 %-дан аз) сипатталатын мұнай. Шайыртасты-шайырлы заттардың мөлшері жиі-жиі 20 %-дан астам болып келеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref> Жоғары фракцияларға жақындаған сайын құрамындағы хошиісті көмірсутектер мөлшер арта түседі. Құрамындағы қатты парафин мөлшері өте аз (1 %-дан кем), ал шайыртасты-шайырлы заттар мөлшері 20 %-дай, тіпті одан да көбірек. Шоғырлану орны белсенді түрде тотығу белдемдеріне сәйкес келеді. Дүние жүзілік мұнай қорында алатын орны мейілінше жұпыны.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}