Наталья Өтеуліқызы Арынбасарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Наталья Өтеуліқызы Арынбасарова (24.9.1946 жылы туған, Мәскеу) — киноактриса. Ресейдің (1979), Қазақстанның (1997) еңбек сіңірген артисі 1964 ж. Мәскеу хореографиялық училищесін, 1971 ж. ВГИК-тің актерлік факультетін (С.А. Герасимов пен Т.Ф. Макарованың шеберханасы бойынша) бітірді. 1964 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы түсірген “Алғашқы мұғалім” фильміндегі басты рөл — Алтынаймен кинодағы жолын бастады. 1966 ж. Венецияда өткен халықаралық кинофестивальда рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін бас жүлдеге ие болды. 1969 ж. “Мәншүк туралы ән” (Мәншүк Мәметова, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1970) және “Жәмилә” фильмдерінде басты рөлдерді ойнады. Арынбасарова “Көл жағасында” (1969, Катя Олзоева), “Нан дәмі” (1979, Кәмшат Сатаева; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), “Қаралы сұлу” (1982, Қарагөз), “Сүйрік” (1984) т.б. фильмдерге түсті. Арынбасарова КСРО Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті