Наталья Тоқтарбайқызы Ақшабаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Наталья Тоқтарбайқызы Ақшабаева - 1956 жылы 27 қарашада Түркімен КСР, Ашхабад қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Ақшабаев Тохтарбай Бесенұлы, марқұм, ҰОС ардагері. Анасы - Ақшабаева Надежда Васильевна, зейнеткер. Мәскеу тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының тігін буйымдарының технологиясы факультетін (1982) тігін бұйымдарының инженер-технологы мамандығы бойынша; С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1986) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі.

  • 1976 жылдан - Алматы бас киім фабрикасының тігінші-моторисі.
  • 1978 жылдан - Алматы облыстық прокуратурасының инспекторы.
  • 1982 жылдан - Ю.А. Гагарин атындағы фабриканың тігін цехында шебер (Алматы қ.).
  • 1986 жылдан - «Қыз Жібек» АҚ (бұрын - Ю.А. Гагарин атындағы фабрика) ТББ бастығы, 1987 жылдан - директордың сапа жөніндегі орынбасары, 1990 жылдан - бас инженердің өндіріс жөніндегі орынбасары, 1995 жылдан - өндіріс жөніндегі вице-президенті.
  • 1997 жылдан бері - «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС директоры (Алматы қаласы). ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы төрағасының орынбасары (2003 жылдан), Алматы қаласының Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі (2002 жылдан). «Атамекен» одағы» ҚҰЭП 3-ші дәрежелі медалімен; кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Алматы қаласы әкімдігінің грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП Алматы филиалының грамотасымен, Қазақстанның өнеркәсібі мен нарықтық экономикасын дамыту мақсаттарындағы жемісті ынтымақтастығы үшін Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының грамотасымен марапатталған.

Діни көзқарасы - мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Біздің жер қойнауының шексіз байлықтарымен - тек коммунистік келешек қана - әрқайсысынан мүмкіндіктері бойынша, әрқайсысына қажеттілігі бойынша».
Хоббиі - саяхат жасау, тоқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - С. Есенин.

Жесір. Жұбайы - Нәсібуллин Марсель Марсұлы (1957- 2006), «ҚазТрансГаз» АҚ ЖЭЖ бастығы болып қызмет еткен. Ұлы - Нәсібуллин Артур Марсельұлы (1987 жылы туған); қызы - Нәсібуллина Анастасия Марсельқызы (1991 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наталья Тоқтарбайқызы Ақшабаева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}