Наразылық акциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Наразылық акциялары - саяси күш қолдануды қарастырмайтын оппозициялық талаптардың көрініс табуы. Демократиялық елдерде наразылық акциялары - қоғамның дамығандыгының көрінісі, тоталитарлық елдерде оппозицияның мұндай шаралары мемлекетті тұрақсыздандыратын әрекет ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасында мұндай наразылық шаралары билік органдарының арнайы рұқсатымен өткізіледі. Наразылық акцияларының түрлеріне: наразылық шерулері, ереуілдер, бұқаралық тәртіпсіздіктер жатады. Наразылық шерулері - марштар (шерулер, митингілер мен салтанатты шерулер), конвенционалды емес наразылық (аштық жариялау, отырып қыр көрсету, пикеттеу, салықтарды, коммуналдық қызмет ақысын төлеуден бас тарту), ашық хаттар жариялау және саяси негізде өз- өзіне қол жұмсау. Ереуілдер - өндіріс жұмысшыларының қызметтік міндеттерін орындаудан бас тартып, жұмысты тоқтатуынан, жоғары оқу орындары студенттерінің оқу процесін тоқтатып, оппозициялық талаптар қоюынан көрініс табатын наразылық түрі. Ереуілдер рұқсатсыз және рұқсат етілмеген болып бөлінеді. Бұқаралық тәртіпсіздіктер - қоғамдық өмірдің қалыпты ағымын бұзуға бағытталған (қоғамдық және жеке меншік мекемелер мен ғимараттарды қиратуға ұласатын) және күш қолданатын (адам өліміне әкелетін), жекеменшікке қол сұғумен (дүкендерді талқандап, автомобильдерді өртеу) сипатталатын, ұйымдаспаған, дайындық деңгейінің төмендігіне қарамай бірнеше мыңдаған адам қатысатын қоғамдық толқулар. Шыққан орындарына қарай олар

  • қоғамдық орындардағы,
  • түрмелердегі,
  • әскерилер арасындағы толқулар және
  • билік органдарындағы

тәртіпсіздіктер болып бөлінеді.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наразылық акциялары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}