Мөңке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Мөңке, Мунке, Менгу, Мангу<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> (1208 – 1259жылдары) – Шыңғыс хан империясының төртінші ханы (1251 – 59жылдары). Шыңғыс ханның үлкен әйелі Бөртеден туған кенжесі Төленің үлкен ұлы. 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болғаннан кейін Шыңғыс хан империясында билік дағдарысы басталды. Ұлы хан тағына неғұрлым лайықтылар Жошының ұлы Бату хан мен Мөңке болатын. Соған қарамастан сарай төңірегіндегілердің ұйғарымымен 1246 жылы Құрылтайда Үгедейдің үлкен ұлы ‘‘Күйік’’ ұлы хан болып жарияланды. Бірақ оны Жошы мен Төле ұрпақтары мойындамады. 1248 жылы Күйік хан кенеттен қайтыс болып, дағдарыс қайтадан күшейді. Шыңғыс хан мен Бөртеден туған 4 ұлдың ұрпақтары екіге бөлініп, билікке таласты. Ақырында Бату ханның тікелей қолдауымен 1251 жылы Мөңке ұлы хан болып жарияланып, Шыңғыс хан империясының соңғы билеушісі болды. Ол Батумен бірлесіп империяны әрі қарай күшейтті. Империяның батысында Бату хан бастаған Жошы ұрпақтары (Берке, Орда Ежен, т.б.), шығысында Мөңке бастаған Төле ұрпақтары (Құбылай, Хулағу, т.б.) билік құрды. Үгедей мен Шағатайдың ұрпақтары биліктен ығыстырылып, қудалауға ұшырады. Сыртқы саясатта жаулап алушылық жорықтар әрі қарай жалғастырылды. Мөңкенің інісі Хулағу бастаған әскер 1256 – 58 жылдары (Аббас әулеті билеген) Иран мен Иракты басып алып, Бағдат халифтығын жойып жіберді. Мөңке мен інісі Құбылай Қытайды жаулап алу жорығын жалғастырды. Батыста Бату хан, кейіннен оның орнын басқан інісі Берке Жошы ұлысын дербес басқарды. Басқа ұлыс билеушілері де (Құбылай, Хулағу, т.б.) дербестікке ұмтылды. Соған қарамастан Мөңке ішкі саясатта орталық билікті күшейтуге тырысты, сауда мен экономиканың жедел дамуына мүдделі болды. Мөңке Қытайға қарсы жорық кезінде қайтыс болды. Мөңке қайтыс болғаннан кейін өкімет билігі үшін тартыс қайтадан күшейіп, ол Шыңғыс хан империясының 4-ке бөлінуімен аяқталды.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Гумилев Л.Н., Древняя Русь и Великая степь, Мөңке, 1989
  • Тюрки в Монгольской империи Чингисхана и его преемников ХІІ – ХІV вв., А.-А., 1989
  • Хара-Даван Э., Чингисхан как полководец и его наследие, А.-А., 1992
  • Рубрук Г., Карпини П., Путешествие по восточным странам, А., 1993

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мөңке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}