Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (28 қаңтар 1971 жыл, Алматы) - экономист, қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”, 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Өмірбаяны

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты(диссертация тақырыбы "Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации", 2001). «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қызмет жолы

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдарыҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдарыҚазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдарыҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылғы ақпаннан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқаруда. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен марапатталған. 2003 жылы Джон-Хопкинс университетінінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.

Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Үйленген, үш баласы бар.

Еңбектер

  • "Политический транзит в Казахстане: содержание процесса и его особенности" (2001), * "Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии" (2002, қосалқы автор), * "Безопасность Казахстана на современном этапе" (2002),
  • "Политический транзит: от глобального к национальному измерению" (2002),
  • "Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и бе-зопасность" (2002, қосалқы автор),
  • "Нефтегазовые ресурсы Казахстане в системе мировых и региональных отношений" (қосалқы автор),
  • "Военно-политическая расстановка сил в Каспийско-Центральноазиатском регионе" (2003, қосалқы автор)

Жеке өмірі

  • Әскери атағы - запастағы лейтенант.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Аймақтық көшбасшы».
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Дэн Сяопин, У. Черчилль.
  • Хоббиі - кітап оқу, тау шаңғысы, жақсы кинофильмдер.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - Э. Хемингуэй, Р. Акутагава, X. Мураками, ағайынды Стругацкийлер.
  • Ағылшын тілін еркін меңгерген.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}