Мәулен Балақайұлы Балақаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәулен Балақайұлы Балақаев (1907 жылғы қазанның 7-сінде Түркістанның маңындағы Шаға ауылы — 1995 жылғы қарашаның 15-і, Түркістан қаласы) — қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1952), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері (1963).

Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1933). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы журналистика институтының кафедра меңгерушісі (1937–41), Шет тілдері институтының директоры (1941–42). Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде кеңесші-референт (1943–1945), Мемлекеттік терминология комиссиясының ғалым-хатшысы (1946–63), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1952–75), ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым Академиясында (1945–59, 1975–87) бөлім меңгерушісі, ғылым кеңесші (1987–95) болды. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен моногр. зерттеулердің авторы. Балақайұлытың «Жай сөйлем синтаксисі» деген доктор диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.

Шығармалары

  • Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика, грамматика, А., 1954, 1966, 1971, 1996 (телавт.);
  • Современный казахский язык: Синтаксис словосочетания и простого предложения, А.-А., 1959;
  • Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері, А., 1965;
  • Қазақ тілінің стилистикасы, А., 1966 (телавт.);
  • Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 2-том, А., 1967;
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1968 (телавт.);
  • Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту, А., 1989;
  • Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2008.

Әдебиеттану

  • Аралбаев Ж., Сарыбаев Ш., О жизни и творчестве профессора М.Б.Балакаева, «Известия АН КазССР, Серия филологическая», 1977, № 4;
  • Сыздыкова Р., Сарыбаев Ш., Маулен Балакаевич Балакаев, «Советская тюркология», 1987, № 6.

Өмірбаяны

1929 жылы Шымкенттегі педагогтық техникумды бітірді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аудандық білім беру бөлімінде инспектор, кейін соның жетекшісі болып қызмет атқарды.

1931 жылы Алматыдағы Қазақ педагогтық институтына түсті. Студент кезінде-ақ сол институтта қазақ тілінен сабақ беріп, жаңа термин сөздерді жасап шығаруға, қазақ мектептеріне арналған оқулықтар және оқу құралдарын жазуға атсалысып жүрді.

1934 жылдан бастап алдымен Ленинград мемлекеттік тарих, пәлсапа, әдебиет және тілтану мемлекет институтының, сосын Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқи бастады. Ленинград Шығыс институтының редакторлар мен аудармашылар курстарында қазақ тілінен сонымен қатар сабақ беріп жүрді. Аспирантураны тәмамдаған соң Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарында жұмыс істеді; Коммунистік журналистика институтында кафедра меңгерушісі, Алматы шет тілдері институтының директоры қызметтерін атқарды.

1942 жылы «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1942-1943 жылдары Қызыл Әскердің қатарында қызмет атқарды. ҚазКСР Министрлер кеңесінің аппаратында референт және кеңесші болып жұмыс істеді, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде сабақ берді.

1945 жылдан бастап ҚазКСР Ғылымдар Академиясында тұрақты еңбек ете бастады, қазіргі қазақ тілі бөлімін, 1959 жылдан ҚазКСР Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімін басқарды.

1950 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1951 жылы оған филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді, 1952 жылдан бастап профессор.

1958 жылы Қазақ КСР Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Ғылыми еңбегі

Өз еңбектерінде Балақаев қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы мәселелерімен айналысқан. Қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестері және қазақ әдеби тілінің тарихымен де шұғылданған. Алғашқылардың бірі болып қазақ көркем әдебиетінің тілін зерттеумен айналыса бастаған. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (Синтаксис)» оқулығының, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқу құралының авторларының бірі болып табылады. Орта мектептерге арналған оқулықтарымен ол ерекше белгілі. Қазақ лексикографиясына да оның сіңірген еңбегі қомақты, ол 2 томдық Орыс-қазақ сөздігінің, «Орфографиялық сөздіктің» авторлары мен редакторларының бірі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}