Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханова (16 ақпан, 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылында туған) — математика пәнінің мұғалімі, көпбалалы батыр ана. Педагогика ғылымдарының кандидаты(2000), профессор (2005). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (1992).

Толығырақ

  • 1940 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген.
  • 1957 жылы Таскескен ауылындағы орта мектепті бітіріген.
  • 1971 жылы Семейдегі педагогика иниститутының «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
  • 1961 жылы алғашқы еңбек жолын Аягөз ауданындағы орта мектепте матемкатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. (1961 – 1987 жылдары мектеп мұғалімі, мектеп әдіскері);
  • 1988 жылы Алматы қаласындағы №41 орта мектебіне матемкатика пәнінің мұғалімі болып ауысады. (Осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбарасы (1990 жылы) қызыметін атқарады);
  • 1992 жылы Алматыда № 147 аралас орта мектебі ашылады сол мектептің директоры қызыметіне тағайындалады.
  • 1994 жылы Қазақстандағы алғашқы мектеп гимназиясының директоры
  • 1998 жылы «Болашақ» жекеменшік орта мектебінің директоры
  • Мәрзия Айтбайқызы көптеген ғылыми жұмыстардың авторы.
  • «Туынды» және «Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы», «Алгебра және анализ бастамалары», «Функция туындысы мен дифференциалы» т.б еңбектердің авторы.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1977 жылы КСРОның «Батыр ана» Ордені
  • 1983 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген аға мұғалімі (атағы);
  • 1992 жылы Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі
  • 1994 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы;
  • 1995 жылы «Ы.Алтынсарин атындағы құрмет белгісі» медалі
  • 1998 жылы «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» медалі
  • 1999 жылы Қазақстан Ұлттық экология академиясының академигі
  • 2000 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты (құрметті ғылыми атағы);
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • 2002 жылы Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (құрметті атағы);
  • 2004 жылдың 7 желтоқсанындағы президент жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталған;
  • 2005 жылдың 6 шілдесіндегі президент жарлығымен «Алтын алқа» Батыр ана ордені тапсырылды;
  • 2005 жылы профессор (атағы);
  • 2005 жылы «Қазақстан коснтитутциясына 10 жыл» медалі;
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2015 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді (Астана, Ақорда).

Отбасы

Мәрзия Айтбайқызы Республикамызға белгілі Тұрлыхановтар отбасының отанасы.

  • жары – Болат Тұрлыханов (1932 – 1993 жж) КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері.
  • Балалары:
    • Қайрат Болатұлы Тұрлыханов (1960) «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
    • Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (1963) КСРО және ҚР Еңбек сіңрген спорт шебері, «Парасат» және «Құрмет» Ордендерінің иегері. Олимпиада чемпионы.
    • Талғат Болатұлы Тұрлыханов (1965)
    • Қуат Болатұлы Тұрлыханов
    • Гүлнәр Болатқызы Тұрлыханова
    • Марат Болатұлы Тұрлыханов
    • Гүлмира Болатқызы Тұрлыханова
    • Қанат Болатұлы Тұрлыханов
    • Жанат Болатқызы Тұрлыханова