Мәлік Фазылов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәлік Сабыр ұлы Фазылов (15 тамыз 1927 ж, Қостанай облысы) - партия совет қызметкері, дипломат, тарих ғылымдар кандидаты. 1949 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қаынастар институтын бітірген. 1951-1956 жылдары Қаз. ССР. СЫртқы істер министрлігінің бірінші секретары, министрлердің көмекшісі болып істеді 1956-1961 жылдары Қазақстан КП ОК лекторы. 1961 жылдан Көкшетау облыстық партия комитетінің секретары, ал 1966 жылдан екінші секретары болды. 1968-1973 жылдары Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1974-1976 жылдары Қаз. ССР. Сыртқы істер министрі. 1976 жылдан КСРО-ның Мали республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 7,8,9 рет сайланған Қаз ССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 рет Еңбек Қызыл ТУ орденімен марапатталған. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер