Мәлік Имашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Имашев.gif
Мәлік Имашев
Мәлік Имашев (1922 ж. т.), партия, кеңес кызметкері. Алматы (1951), Мәскеу Жоғары партия мектебін (1957) бітірген. Ұлы Отан соғысына (1941 - 1945) қатысқан. 1951 жылдан Қарағанды облысында Қазақстан КП Қарағанды обкомының лекторы, бөлім меңгерушісі, Киров аукомының 2-хатшысы, обкомның бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шет аукомының 1-хатшысы, кәсіподақтары облыстық кеңесінің төрағасы, Қарағанды обкомының хатшысы болады. 1973 - 1994 жылы «Полиграфия» ӨБ бас директоры. ҚазКСР еңбек сің. мәдениет қызметкері (1987). ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. КОКП 23-съезінің, Қазақстан КП 4-съезінің делегаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}