Мәлік Жаппасбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәлік Жаппасбаев (1914, қазіргі Сырдария ауданы– 1944) – сазгер, күйші, домбырашы, дирижер. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бала кезінен домбыра тартып, ел арасына танымал болған. 1935 ж. Жаппасбаев Қазақ халық аспаптары оркестріне (1944 жылдан Құрманғазы атындындағы) концертмейстер қызметіне шақырылған. Сол қызметімен бірге Алматы филармониясында домбырашы, дирижер міндеттерін атқарған. Жаппасбаев шертпе күйлердің шебер орындаушысы ретінде халық жадында қалды. Ол өз жанынан «Қарағанды туралы ән», «Сәлем», «Жастық жыры», «Сұлу қыз», т.б. әндерін шығарған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}