Мұңлық Бақиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұңлық Бақиев<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> (1932-1986) 15 сәуірде Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кіші дихан ауылында туған. 1957 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін тамамдаған. Сол жылдан бастап ұстаздық қызметте, «Мектеп» баспасында редактор, аға редактор, ұйғыр тілінде шығатын «Коммунизм туғи» газетінде аудармашы болған. Алғашқы әңгімелері баспасөз беттерінде 1959 жылдан жарық көре бастады. Оның «Жарық жұлдыз» деген әңгімесі Мәскеуде («Утренний ветерок» деген әңгімелер жинағында) орыс тілінде, «Тау қызы» деген әңгімесі қазақ тілінде («Жетісу» газетінде) басылды. «Бір жаз, бір қыс» деген пьесасы республикалық ұйғыр театрында қойылды.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

  • Жомарт жер. Повесть., «Жазушы», 1967;
  • Рәна. Повесть. А., «Жазушы», 1971;
  • Олар әлі бала еді. Повесть. А.,»Жазушы», 1979;
  • Бір жаз, бір қыс. Роман. А., «Жазушы», 1983.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}