Мұқаш Құлтөлеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқаш Құлтөлеу - 1959 жылы 25 қарашада Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кенішінде туған. 8-ші сыныпты аяқтаған соң, Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы Көркемсурет училищесінде білім алған. Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолы

Әр жылдары Қарағанды қаласындағы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, «Қарағанды жастары» газетінде бас редактордың орынбасары, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде Жастар ұйымдары бөлімінде қызмет істеген. Республикалық «Қазақстан мектебі» журналы бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақ радиосында Жастар және балалар редакциясының Бас редакторы.

Еңбектері

1989 жылы «Қарағанды-Полиграфия» баспасынан «Сенің терезең» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрген. 1995 жылы «Шартарап» баспасынан шыққан белгілі актер Қүдайберген Сұлтанбаев ғүмырбаянын қамтитын «Біз білмейтін Қүдайберген» атты кітаптың авторы. Француз жазушысы Луи Жаколионың «Алау асағандар» романын және Джек Лондонның бірқатар хикаят, әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған.

Марапаттары

Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі белгісімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}