Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов (26 желтоқсан 1921 ж., Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1978), Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының (1996) және Еуразия Халықаралақ экономика академиясының академигі (1998).

Орта мектепті және мұғалімдер курсын бітірген (1940–41) соң, Қызылту (қазіргі Шоқан Уәлиханов) ауданы Жарқын жетіжылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болды. 1941 жылдың қазанында КСРО шекара әскерлері қатарына шақырылған. 1945 ж. тамызда 60-Камчатка теңіз шекара отрядының құрамында Жапониямен болған соғысқа қатысқан. 1946–50 ж. Кеңес (қазіргі Аққайың) аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Республикалық партия мектебін (1950–52) бітірген соң, сонда саяси экономика кафедрасында оқытушылыққа қалдырылып, 40 жылдан аса жұмыс істеген; соңғы 30 жыл бойы кафедра меңгерушісі болды. 1968 ж. «Разработка В.И.Лениным основных принципов и методов управления народным хозяйством в условиях социализма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – саяси экономия, экономикалық ой-пікір тарихы және халық шаруашылығынн басқару мәселелері.

Елеусізов 10 монографияның, 250-ден аса ғылыми мақала мен рецензияның авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}