Мұқатай Жандабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқатай Жандабаев (1916 ақпанның 1-інде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Фрунзе ауылы - 1998 маусымның 20-ында, Алматы қаласы) – география ғылымдарының докторы (1970), профессор(1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography

  • 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
  • 1948 - Воронеж педогогика институтын бітірген.
  • 1948–53 - Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтының кіші ғылым қызметкері;
  • 1953 жылдан - өмірінің соңына дейін ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) доценті, кафедра меңгерушісі болды.

Еңбектері

Негізгі ғылым еңбектері аймақтық геоморфология, неотектоника, сай-жыра эрозияы, сел мәселелеріне, геоморфология картаға түсіру әдістеріне арналған. Өзен және өзен аңғарларының пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынды. Жер бедерінің шағын пішінді өлшемдерін анықтайтын географиялық әмбебап аспап құрастырды. Бұл аспаппен далалық жағдайда география нысандардың әр түрлі параметрлерін, тік және көлбеу бұрыштарды, беткейлердің биіктігі, құламасы мен экспозициясын, шағын ойыстардың, өзен мен аңғардың кемерлерін, ағаштың биіктігін, малтатас, қойтастардың көлемін, сонымен бірге жергілікті географиялық ендіктерді, Күннің көкжиектен биіктігін, салыстырмалы биіктіктерді анықтауға болады. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Шығармалары:

  • "Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин", 1972;
  • "Природа Заилийского Алатау", 1978;
  • "Речные долины", 1984.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

ғылыми-тәжірибелік конференциясы геоморфология және картография кафедрасы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}