Мұхтар Әлиұлы Әлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтар Әлиұлы Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Төменарық стансасында туған - 12 қаңтар 2015 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ.

Әкесі - Сәрсембаев Әли (1892-1955), темір жол көлігі жүйесінде жол қараушы болған. Анасы - Сәрсембаева Құндыз (1900-1937). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1957), емдеуші-дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты (1966), докторы (1974). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қосылысқан сәулемен зақымданған жағдайдағы күретамыр арқаулығы». Профессор (1976 жылдан). ҚазКСР ҒА (1988), Халықаралық шығармашылық академиясының (1992), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), Нью-Йорк ғылым академиясының (1996), ГФР Медициналық білім беру академиясының (1996) академигі. ҚР хирургтері ғылыми мектебінің жетекшісі. 800 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 58 монография, ғылыми-танымдық және оқу кітапшалары бар. ҚР мен КСРО патенттері мен алдын ала патенттерінің 151 өнер табысы авторлық куәлігіне иегер. 30 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы. 1950 жылдан - Шымкент облысы Тимур ауылы 7 жылдық мектебінің оқытушысы. 1951 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтының студенті. 1957 жылдан - Шымкент облысы «Тимур» кеңшарында учаскелік аурухана хирургі және бас дәрігері. 1958 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатор. 1960 жылдан - Республикалық кпиникалық ауруханасының хирург-дәрігері. 1961 жылдан - Онкология және радиология ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері. 1963 жылдан - Алматы екінші қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі; Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты. 1969 жылдан - Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі, доцент. 1976 жылдан 1980 жылдар аралығында - Алматы мемлекеттік медицина институты хирургия кафедрасының меңгерушісі. 1978 жылдан 1982 жылға дейін - ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі. 1980 жылдан 1985 жылға дейін Ә.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды ҚазҒЗИ директоры. 1982 жылдан 1987 жылға дейін - ҚазКСР денсаулық сақтау министрі. 1997 жылдан - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры. 2001 жылдан бері - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры. 11-ші, 12-ші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1983, 1985). Қазақстан Компартиясы XVI, XVII съездерінің делегаты, ҚКП ОК мүшелігіне кандидат (1986). КОКП XXVIII съезінің делегаты (1990). Халық депутаты (1990). Ә.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ғылыми орталығы жанындағы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ғылыми диссертация қорғау диссертация кеңесінің төрағасы (1988). «КСРО-Франция» Достық қоғамдастығы Қазақ бөлімінің төрағасы (1978). Бүкіл одақтық хирургтер қоғамының басқарма мүшесі (1978-1982). ҚазКСР ҒА төралқасының мүшесі (1988, 1989). Халықаралық гастроинтестианалды хирургтер клубының (1996), Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының (1996) мүшесі. ПБИТС-мен күресу және алдын алу республикалық қоғамдық комитеттің құрметті терағасы, ұйымдастырушысы (1989). «Қазақстан хирургиясы» (1995), «Клиницист» (1995), «Қазақстан медицина журналы» (1998). ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), ҚРМемлекеттік сыйлығының (1999), «Мамандық-Өмір» Халықаралық сыйлықтың (2004), «Платина Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2005). «Абылай хан» алтын медалімен (1998), «XXI ғасырдың 500 негізін салушылар» (Кембридж, Англия, 2001), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Астана» (1998), «XXI ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен (2001) марапатталған. «Стратегиялық менеджмент үшін» алтын медалі мен лауреат атағын алған (Франция, 2002). Аптын жұлдыз - айрықша белгісінің табыс етілуімен «Халық Қаһарманы» (1995), «Жыл адамы» (2001), «Әлемнің көрнекті интеллектуалдары», «Медицина облысында көрнекті кәсіби жетістіктері», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтарына ие. Хирургияны дамытудағы көрнекті үлесі үшін құрметті халықаралық дипломның дипломанты (2002). Балтимор қаласының Құрметті азаматы және Кентукки штатының Құрметті полковнигі, АҚШ (1988).

  • Хоббиі - шахмат, футбол, бильярд.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезов, А. Құнанбаев.
  • Үйленген. Жұбайы - Әлиева Минвар Қадышқызы (1941 жылы туған). Ұлы - Әлиев Рахат Мұхтарұлы (1962 жылы туған); қызы - Әлиева Гүлшат Мұхтарқызы (1965 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}