Мұхтар Қабылұлы Әблязов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтар Қабылұлы Әблязов (16 мамыр 1963 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Зертас ауылында туған) - бұрынғы «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан энергетика, индустрия және сауда министрі (сәуір 1998 — қазан 1999), қазақ олигархы, Қазақстанда іздеуде.

  • Қазір Хэмпстедтегі Бишопс-авенюде тұрады.
  • 1986 ж. Мәскеу инженерлік-физикалық институтын бітірген, инженер-физик;
  • 1998 ж. Еуразия нарық институтын бітірген, экономика және менеджмент.
  • 1986-90 жж. - әл-Фараби атындағы ҚазМУде инженер.
  • 1991-93 жж. - «Мәдина» ШК бас директоры.
  • 1993-97 жж. - «АстанаХолдинг» ҚХК президенті.
  • 1997-98 жж. - «КЕГОК» АҚ президенті.
  • 1998-2000 жж. - ҚР энергетика, индустрия және сауда министрі.
  • 2000-01 жж. - «Kazastan Airlines» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстан Демократиялық Таңдауы қозғалысының тең төрағасы
  • 2001-02 жж. - «Темірбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2005 ж. - «Еуразия» ИӨТ президенті.
  • 2005 жылдан - «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
  • 2009 жылы Қазақстан билігі БТА банкті мемлекет қарауына алып, банктің бұрынғы (2005-2009 жылдардағы) иесі Мұхтар Әблязовқа халықаралық іздеу жариялаған еді.<ref>http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_mukhtar_ablyazov_london_court/24486554.html Ұлыбритания соты Әблязовты 22 айға соттады ]</ref>
  • Мұхтар Әблязов Қазақстанда саяси қуғындауға ұшырағанын және соның кесірінен Қазақстанға күшпен қайтарылуы мүмкін екендігін айтып, 2011 жылы маусым айында Ұлыбританиядан саяси баспана алған.
  • 2012 жылы ақпан айында Ұлыбритания жоғарғы сотының судьясы Найджел Тир «сотқа құрмет көрсетпеді» деп айыпталған Мұхтар Әблязовтың активтерін құрсаулап, өзін тұтқындауға үкім етті. Сот қазақ бизнесменін 22 ай түрме жазасына кесті.

Жанұясы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub