Мұхтар Салтайұлы Ержанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтар Салтайұлы Ержанов (18 сәуір 1950 жылы туған, Қостанай облысы, Таран ауданы, Аманқарағай ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997), Еуразия халықаралық экономикалық академиясының академигі (1998).

Алматы халық шаруашылығы институтын (1972, қазіргі Қазақ экономика университеті) және оның аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы тігін фабрикакасында аға бухгалтер, қаржыгер ретінде бастаған Ержанов Алматы халық шаруашылығы институтында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары (1973–83), Қазақ ауыл шаруашылығы институтында (1984–86, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, Жетекші есеп қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша КСРО Мемлекеттік институты Алматы бөлімшесінің директоры (1986–88), Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінде басқарма бастығы (1991–93), Қазақстандағы «Артур Андерсон» («Arthur Anderson») аудиторлық компаниясы директорының орынбасары (1993–96), «Ержанов және К» аудиторлық компаниясының президенті (1996–99), Қазақ мемлекеттік басқару академиясында (қазіргі Қазақ экономика университеті) профессор, ал 1995 жылдан «Тұран» университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Теория и практика аудита» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 8 монографияның авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://kaz.kkb.kz/page/Board_of_Directors

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхтар Салтайұлы Ержанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}