Мұхтар Рабатұлы Аймаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғарышкер Мұхтар Рабатұлы Аймаханов (Үлгі:Lang-ru; 1 қаңтар 1967 жылы Қызылорда облысы Жосалы кентінде туған) - Ресей ғарышкері. Ұлты - қазақ. 2012 жылы Ресей ғарышкерлер отрядына қосылу үшін Қазақстан азаматтығын Ресейдікіне ауыстырды.

Өмірбаяны

Мұхтар Аймаханов 1967 жылдың 1 қаңтарында Жосалы кентінде дүниеге келді.

Оқу кезінде Алматы аэроклубында ұшу дайындығын өтті. 1988 жылы Чернигов Жоғарғы әскери авиациялық училищесін «ұшқыш-инженер» мамандығымен бітірді. Сол жылдан бастап Аймаханов КСРО Қарулы Күштерінде ұшқыш ретінде қызмет етті. КСРО ыдыраған соң Мұхтар Қазақстан Республикасының әуе күштерінде қызметін жалғастырды.

1993-1998 жылдары әскери қызметтен кеткен соң «Алтын қазына Орталықазиялық депозитарлық жүйесі» АҚ, «Терминал» ЖШС, «МААГБОЛ» ЖШС компанияларында жұмыс істеді. 2002 жылы «Әділет» Жоғарғы құқық мектебін юриспруденция мамандығымен бітірді. Сол жылы «Алтын-Консалт» ЖШС компаниясының бас директоры атанды.

Ғарышқа ұшу дайындығы

2001 жылының шілде айында Аймаханов Қазақстан Республикасының ғарышкерлер іріктеуіне қатысуға Аэроғарыш комитетіне мәлімдеме жіберді. 2002 жылы ол Ресей мен Қазақстан арасындағы келісім бойынша Мәскеудегі медико-биологиялық институтында тексеруден өтті. 2002 жылының 9 қарашасында Қазақстан ғарышкерлер отрядына қосылу үшін ұсынылған. 2002 жылының 17 желтоқсанында басты медициналық комиссиясын өтіп, жаттығулардан өтуге рұқсат алды. 2003 жылының 29 мамырында Аймаханов Ресей ғарышкер болуға кандидаттар тобында дайындығын бастады.

2003 жылының 16 маусымында Звездный городок қаласындағы Юрий Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығында жалпы ғарыштық даярлау курсын өтті. 2005 жылының 28 маусымында ҒДО-ға мемлекеттік емтиханды «үздік» бағасымен тапсырды. 2005 жылының 5 шілдесінде Ведомствоаралық квалификация комиссиясының шешімімен «ғарышкер-сынаушы» атағына қол жеткізді. Өз ұшу дайындығын Халықаралық ғарыш станциясына ұшу бағдарламасы бойынша дайындалып жатқан ғарышкерлер тобында жалғастарды. 2007 жылы ҒДО ұшу дайындығын бітірді.

2008 жылдың қараша айында Айдын Айымбетовпен бірге 2009 жылдың күз айларында ғарышқа ұшу негізгі экипажының кандидат мүше ретінде қарастырылады. Алайда 2009 жылдың сәуір айында Ресей ғарыш агенттігінің басшылығы Қазғарыш басшылығынан: «қаржылық мәселелер сұрақтары бойынша мемлекет басшылық шешімімен қазақ ғарышкері ғарышқа ұшудан алынып тасталсын.» деген ресми хат алды (Ғарышқа ұшу 26 млн. $ бағаланды). Аймаханов Ресей ғарышкерлер отрядына қосылуға сұраныс жіберіп, Ресей ғарыш агенттігі оған Ресей азаматтығын алуға ұсынды. 2009 жылдан бастап Аймаханов Вавилов атындағы жаратылыстану тарихы мен техника институтының ғылыми қызметкері болып табылады. 2010 жылы РФ Президенті қарамағындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясындағы оқуын үздік дипломмен бітірді.

2012 жылы Аймаханов Ресей азаматтығын алды. 2012 жылдың 26 қыркүйегінде арнайы дайындықтардан өтуге жарамды деген Мемлекеттік медицина комиссиясынан мақұлдау алды. 2014 жылдың 27 қаңтарында Ресей ғарыш агенттігі ведомствоаралық комиссиясының шешімімен ғарышкер кандидат ретінде ҒДО ғарышкерлер отрядына қосылуға ұсынылды. 2014 жылдың 13 тамызында Гагарин ат. ҒДО ғарышкерлер отрядында ғарышкер-сынаушы ретінде тағайындалды. Қазіргі уақытта мамандандыру және жетілдіру тобында дайындалуда.

2014 жылдың 19 - 28 қазан аралығы Краснодар өлкесінің Туапсе ауданында экипаждың таулы жерде қону жағдайындағы іс-шаралар бойынша оқытуына қатысты.

Ол экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу бойынша диссертация дайындау үстінде.

Отбасы

Әйелі - Эльмира. Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазҰМУда мұғалім ретінде жұмыс атқарды. Баласы - Исатай (2001 жылы туған).

Дереккөздер