Мұхтар Мұқашұлы Бәкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәкенов Мұхтар Мұқашұлы (6.7.1933 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) - ғалым, геология-минералдық ғылымдардың докторы (1983), профессор (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985).

ҚазМУ-ді бітірген (1956). Ақшатау кен басқармасында геолог (1956), 1956 - 1960 жылдары Майқайың кешендік геологиялық - барлау экспедициясының геологы, аға геологы, 1960 - 1984 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) аспирант, кіші ғылыми қызметкер, доцент, декан, проректор (1985-1990), 1990 - 1992 жылдары Қазақстанның Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің төрағасы қызметкерін атқарған. 1992 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның сирек және асыл металл кендерін зерттеуге арналған. Бәкенов бұл кендерді формациялық - генетикалық топқа бөлудің жаңа ғылыми негізін және металлогендік аудандастырудың жаңа принциптерін ұсынды, кентас түзілуінің эндогендік аймақтылығының сұлбасын жасады, асыл металдардың геохиммиялық орналасуының жаңа түрлерін тапты.

«Құрмет» орденімен (2004); «Қажырлы еңбегі үшін» (1970), «Жер қойнауын барлауы үшін» (1970), «Қызметі үшін» (2004), «ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері» (2003), «ҚР Жер қойнауының үздік барлаушысы» (2002), «Республика алдындағы қызметі үшін» (1985), «Еңбек ардагері» (1993), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске алпыс жыл» (2005) медальдарымен; КСРО Геология министрлігі белгісімен (1991); «Білім» қоғамының құрмет (1970, 1973), «Көп жылдық жемісті ғылыми-педагогикалық еңбегі үшін» (1973), «Геодезикалық және картакескіндемелік мамандықтарының топограф мамандарын дайындау табысы үшін» (1979), «ҚазКСР 60 жылдығына байланысты байланыс және оқу-тәрбие жұмыстарындағы жеткен табыстары үшін» (1980), Жоғары білім беру министрлігінің (1973, 1980, 1983, 1993), Білім беру министрлігінің, Гылыми мекемелер мен жоғары мектеп, ағарту қызметкерлері кәсіподақ ОК (1983), ҚазПТИ (1983, 1990, 2001, 2002), Халыққа Білім беру министрлігінің (1993), «Ғылыми және оқу-тәрбие ісіндегі табыстары үшін» (2001, 2004), Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (2002) грамоталарымен марапатталған.

Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (1980, 2004). Калгари қаласының Құрметті азаматы (Канада). ҚазКСР Еңбек сіңірген ғылыми қызметкері (1984).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сілтеме

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхтар Мұқашұлы Бәкенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}