Мұхтар Есіркепұлы Есжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есжанов Мұхтар Есіркепұлы (27.12.1961 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылы) — ғалым, заң ғылымдарының кандидаты.

1987 ж. ҚазмУ-ді, 1994 ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақ басқару және экономика болжау институтын бітірген.

1987— 89 ж. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы, 1989—92 ж. Гурьев облысы Әділет басқармасы бастығының, 1994—96 ж. ҚР Әділет министірлігінде сот жұмыстарын ұйымдастыру Бас басқармасы бастығының орынбасары, 1996-2002 ж. ҚР Жоғарғы сотының судьясы болған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref> 2002-2006 жылдары аралығда Қызылорда облыстық сотының төрағасы.<ref>Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы</ref> 2006-2008 жылдары аралығында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

Үйленген. 5 баласы - екі ұлы, үш қызы бар.<ref>Есжанов Мухтар</ref>

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл, Қазақстан Конституциясына 10 жыл медальдарымен марапатталған.<ref>Есжанов Мухтар Есиркепович</ref>


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхтар Есіркепұлы Есжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}