Мұхтар Бәкенұлы Сыздықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтар Бәкенұлы Сыздықов (7 қаңтар 1958 жылы туған, Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылы) – графикашы.

Өмірбаяны

  • Алматы қаласындағы көркемсурет училищесін (1977)
  • Санкт-Петербург қаласындағы Көркемсурет академиясын (1983, профессор В.А. Ветрогонскийдің жетекшілігімен) бітірген.
  • 1983 жылдан Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметпен айналысады.

Шығармашылығы

  • 1980 жылдан шығармалары көрмелерге (8 халықаралық, 7 бүкілодақтық, 22 республикалық) қатысып келеді.
  • 1995 жылы Москва қаласының Қырым Валындағы Сурет галереясы өз қорына Сыздықовтың графикалық триптихын (“Жас суретшінің өмір дүниесі”, 1987)
  • 1996 жылы ҚР-і Мемлекеттік өнер мұражайы 5 литографиясын қабылдап алды.
  • 1980 жылдардан иллюстрациялар жасап, кітаптарды (Б.Майтановтың “Абай. Тарих, тұлға, уақыт” атты кітабы, 2004) безендірді.

Ол графикашы ретінде өз еңбектерінде жеке адамның образы арқылы халық мәдениеті мен дәстүрін ашып жеткізу және насихаттау ісіне ұмтылады. Графикалық еңбектері:

  • “Туған ел шежіресі” (1983, ҚР-і Мемлекеттік өнер мұражайы)
  • “Мұхтар Әуезов портреті” (ҚР-і Орталық мұражайы қорында)
  • “ҚР-і Президенті Н.Назарбаевтың зайыбымен портреті” (ҚР-і Президентінің жеке қоры)
  • “Шебер портреті”
  • “Ақын портреті” (Астана қаласындағы Президенттің “Ақорда” сарайы), т.б.;

оның көптеген графикалық еңбектері шетелдік (АҚШ, Англия, Германия, Ресей, Түркия, Франция, Югославия) жеке қорларында сақтаулы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}