Мұхит Тұрсынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы Мұхит Тұрсынов — 2014 жылғы Қазақстан барысындағы чемпион. Биылғы жылы Мұхит Тұрсынов (95 кг) ең мықты балуан атанды.

Шығыс-Қазақстан облысынан шыққан спортшы 26 жаста. Балуан бұл өзінің үшінші чемпионаты екенін айтады, алдыңғы екеуінде жолы болмапты. Бірақ балуанның ұнжырғасы түспей, бұлшық етін күшейтіп, салмақ қосып 82 килограмнан 95 кг дейін жеткен.

Дайындығы

Спортшының жаттықтырушысы - туған әкесі. Екеуі ақылдасып өздерінің жеңіс тәсілін ойлап шығарыпты. Ол бұл жеңіске әкесінің арқасында қол жеткізгенін жасырмайды.

«Өткен жылдан бастап біз, мен кілемде 28 қарсыластың әр қайсысымен қалай күресер едім деген мағынадағы дербес дайындықтың топтамасын бастадық. Яғни, басқа чемпионаттарды, жарыстарды бейнетаспаға жазып алып, әр қайсысының техникасын зерттедім», -деп бөлісті жеңісінің сырымен чемпион.

Жетістігі

  • Осы турнирде қара күше иелерінің тартысында бас жүлдені иеленген Мұхит Тұрсыновқа алтын белбеу, алтын тайтұяқ пен 150 мың доллар табыс етілді.
  • Тұрсынов дзюдо мен самбодан спорт шебері. Қазақ күресінен 2011 жылғы Әлем Кубогының иегері.
  • Мұхит Талдықорғанда өткен турнирде 90 келі салмақ бойынша топ жарған болатын.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер