Мұхаммед Байтұрұлы Шадқам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шадқам Мұхаммед Байтұрұлы (1948 жылы туған, Иран, Гонбет-Каус) – заң қызметкері. Тегеран университетінің заң және саяси ғылымдары факультетін (1974) бітірген. 1979 жылдан ағартушылық қызметпен айналысады. Әр түрлі басылымдар арқылы, әсіресе «Отан» қоғамының газеті мен кітаптары арқылы қазақ әдебиетімен танысты. 1970 ж. шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін», Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін парсы тіліне аударды. «Қазақ тарихына қысқаша шолу» кітабы «Мақтұмқұлы» баспасынан, Қожа Ахмет Иасауидің парсы тіліндегі «Диуани хикмет» аудармасы «Элһода» баспасынан жарық көрген. Шадқам көптеген ғылыми, қоғамдық-саяси және құқық туралы мақалалар жазумен қатар, қазақтың қысқа әңгімелерін аударып аймақтық, республикалық газеттерде жариялаған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхаммед Байтұрұлы Шадқам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}