Мұхаметжан Оразбайұлы Тазабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхаметжан Оразбайұлы Тазабеков (3.6.1975 жылы туған, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы) - айтыс ақыны. ҚазҰУ-ды бітірген (1996 жылы). 13-14 жасынан айтысқа қатысқан айтыс өнеріне баулыған ұстазы Айтмұханбет Исақов. Алғаш рет ақындар айтысына түсіп 1990 жылы үшінші орынды жеңіп алған. Coл жылы Кенен Әзірбаевқа арналған айтыста екінші орынға ие болады. Исатай батырдың 200 жылдығында, Қазақстан тәуелсіздігінің бір жылдығында, сондай-ақ, Дүние жүзі қазақтарының құрылтайында, Абайдың 150 жылдық мерекесіне арналған айтысында бас бәйгені жеңіп алды. Жамбылдың 150 жылдық мерекесіндегі халықаралық айтыста 1 орынға ие болды. Қарасай батырдың 400 жылдығына арналған республикалық айтыста бас жүлдені еншіледі. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1996). Президент стипендиясының иегері (1997 - 98). "Дарын мемлекеттік сыйлығының" иегері (1998).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}