Мұхамеджан Қарабайұлы Қарабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Қарабаев Мұхамеджан Қарабайұлы (1858, Торғай облысы, Николаев уезі, №4 ауыл, — 10. 01. 1928, Қостанай) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Троицк гимназиясын (1881), Қазан университетінің мед. факультетін бітірген (1887). Сол жылы Қазан және Орынборда клиника дәрігері. 1888-1899 жылдары Қостанайда қалалық аурухана дәрігері, Ырғыз уезінде дәрігер (1907-1911). 1911-1916 жылдары Якут облысына жіберіліп, онда ел арасында көп тараған алапес ауруын емдеді. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республикамыздың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру, дамытуға елеулі еңбек сіңірді. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>

Дереккөздер

<references/>