Мұса Жалал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұса Жалал (1927-2007) - 1 желтоқсанда Алматы облысы, Жаркент қаласында туған. 1932 жылы отбасымен ҚХР-на көшіп барып, Құлжа қаласында мектеп бітіріп, «Іле» газетінде тілші, қалалық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінде қызмет атқарған.

Еңбек жолы

1955 жылы туған еліне оралды. 1964 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1957 жылдан бастап ұйғыр тілінде шығатын республикааралық «Коммунизм туғи» және «Йеңи һаят» газеттерінде көп жыл бөлім меңгерушісі болған. 1989 жылы Қырғызстан Жазушылар одағында ұйғыр әдеби кеңесін құрып, бес жыл ұйғыр секциясын басқарды. 1969 жылдан КСРО Жазушылар одағының мұшесі. Әдебиетке 1950 жылдан араласқан. Шығармалары қазақ, қырғыз, орыс, өзбек тілдеріне аударылған. Көптеген қазақ, өзбек, қырғыз жазушыларының бірталай шығармаларын ұйғыр тіліне аударған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталғап.

Еңбектері

Шығармалары: Жеңімпаздар дәстүрі. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Алыстағы ауыл. Повесть және әңгімелер. Орыс тілінде. А., «Жазушы», 1974; Олар еңбегімен даңқты. Очерктер. А., «Қазақстан», 1974; Өлген дер ізі. Повесть және әңгімелер. А., Қазақ тілінде. «Жазушы», 1978; Өшпес іздер. Повесть және әңгімелер. А., Қазақ тілінде. «Жалын», 1983; Керуен жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1985; Таң алдында. Роман. А., Қазақ тілінде. «Жазушы», 1987; Айырылу. Роман. А., «Жазушы», 1993; Тасқын. Роман. А., «ЦПКОС», 1995; Дүрбелең. Роман. А., (Дилогия.) «ЦПКОС», 1996; Күйзеліс. Роман. А., «Әлем», 2000.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}