Мұсайып Хұсайынұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұсайып Хұсайынұлы (1936 ж. т., Баян-Өлгий аймағы, Аққол ауылы) — күйші-композитор, дирижер.

Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы; 1967) бітірген. Баян-Өлгий аймақтық қазақ музыкалы драма театрында музыкант, дирижер, театрдың көркемдік жетекшісі, бастығы (1958 — 92) сондай-ақ Моңғолия Композиторлар одағының қазақ бөлімшесін басқарған, 1967 — 92), 40-тан астам ән, романс, хор, кантата, поэма жазған. Оның

  • “Тың қыз” (1966, либреттосы А.Хандсурэндікі) бен
  • “Бүркіт” (1970, либреттосы Б.Лхасурэндікі) атты балеті мен
  • “Аяқталмаған ән” атты операсы (1991, либреттосы Б.Имашхандікі) Баян-Өлгий аймақтық қазақ музыкалы драма театрында қойылды.

Хұсайынұлы осымен қатар

  • “Бірлестікшілер” (1971) мен
  • “Аталар аманаты” (1981) атты қойылымдардың музыкасын, симфониялық шығармалар
  • “Бөбектер рондосын” (1968),
  • “Жеңіс увертюрасын” (1972),

күйлер:

  • “Мереке”, 1960;
  • “Шашу”, 1967;
  • “Өзгерген өлке”, 1969;
  • “Жеңіс”, 1972;
  • “Жәзира”, 1989;
  • “Атажұрт”, 1994;
  • “Аймағым алтын ордам”,
  • кантата 1990;
  • Азаттық туралы ән;
  • поэма 1979,

романстар :

  • “Туған жер”, 1967,
  • Мәңгілік алау, 1986,
  • әндер Достарым 1968,
  • Сағындыңба 1963,
  • Елде жүрсем 1996, 30-дай концерттік би музыкаларын; сондай-ақ Шайқас алдында көркем фиьлм”, 1972), деректі (“Домбыра сазы”, 1982); “[Бүркіт]”, 1989) фильмдерге музыка жазды. Хұсайынұлының “Туған жер” (1977) мен “Өлгий әуендері” (1983) атты әндер жинағы моңғол тілінде жарық көрген. 1989 ж. “Сыбызғы сазы” атты фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрды. Хұсайынұлы — Моңғолия қазақтары арасында музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1992 ж. Қазақстанға қоныс аударып, Сарқант гуманитарлық колледжінде (1993 — 2000) ұстаздық қызмет атқарды.

Моңғолияның Алтын жұлдыз және Еңбек Қызыл Ту ордендері, Еңбек Құрметі қатарлы мерекелік медалдар мен мемлекеттік Сый-сияпаттардың иегері.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>