Мұсабаев Марат Аманкелдіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

<ref>Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.</ref> Мұсабаев Марат Аманкелдіұлы (23.03.1941 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылы) — ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1974), Антарктидада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысқан тұңғыш азамат. 1965 жылы ҚазМУ-ді бітіріп, сондағы космостық сәулелердің вариациясы лабораториясында істеді, ал 1974 жылдан аға оқытушы болды. Мұсабаев Марат 15.10.1968 - 25.02.1970 жылдары аралығында белгілі полюс зерттеушісі, Кеңес Одағының Батыры Э.Т.Кренкель басқарған экспедицияның құрамында кіші ғылыми қызметкер болып, Антарктидадағы “Мирный” ғылыми обсерваториясында космостық сөулелерді нейтрондық минитон, иондалу камераларының көмегі арқылы зерттеді.

Дереккөздер

<references/>