Мұрат Өскенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Өскенбаев Мұрат (1.1.1904, Қарақия дөңі, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы - 1.1.1982, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы) – күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын.

Өмірбаяны

Шығармашылығы

  • Өскенбаевтың репертуарына түрлі тақырыпта 300-ге жуық күй енген. Ол қазақ (Абыл, Есір, Құлшар, Құрманғазы күйлерін, т.б.), түрікмен Сахып Жамал,Есерлі, Кептер, Көрұғлы, Әуезім күйі, Ашыл баш, т.б.) күйлерімен қатар қарақалпақ, әзірбайжан, ноғай халықтарының музыкалық мұрасын меңгерген. Сондай-ақ көне түрік тайпаларының Алпыс тарау науайы атты күйлер топтамасынан: Қарт науайы, Бала науайы, Шәһр науайы, Тамшы науайы, Қақпалы науайы, Тел науайы аталатын үлгілерін, ежелгі халық саздарынан “ Ел айрылған” сияқты күйлерді шебер орындаған.
  • Өскенбаев – ондаған күйдің авторы. Олар Қоштасу, Халық сәлемі, Жеңіс, Кең жайлау, Қазақстан, Көктем, Ана даңқы, Өрлеу, Маңғыстау, т.б. Оның Оркестр, Күй, Домбыра, Республика тойына, Қара алтынды Маңғыстау, т.б. толғаулары бар.
  • Өскенбаев Қашаған, Өскенбай, Аралбай, Елбай ақындардың толғауларын халық арасына таратты. Өскенбаев репертуарындағы күйлердің бірқатары күй табақтарына жазылған, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті