Мұрат Құсайынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Мұрат Құсайынұлы Құсайынов (10 тамыз 1948 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданында Шарбақты ауылында туған) – кеңестік және қазақстандық композитор, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры. Досмұқасан ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы.

Жалпы мәліметтер

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны бітірген (1983). Студент кезінде қатар оқитын достарымен бірге «Дос-Мұқасан» ансамблін құрды. Жас кезінен өнерге, ән-күйге құмар Құсайыновтың бұдан былайғы өмірі түгелдей осы ансамбльмен бірге өтеді. Оның өңдеуімен халық әні «Жайдарман», Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен», т.б. әндері жаң шырқалды. Соның нәтижесінде ансамбль халыққа жақсы танылып, абыройы өсті. 1969 ж. Венгрияға барып, Будапешт студенттері алдында концерт берді. «Дос-Мұқасан» 1971 ж. Ташкент қаласында өткен бүкілодақтық «Халықтар достығы» фестивалінде 1-дәрежелі лауреат атағын, 1973 жылы Германияда өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттердің Х фестивалінде алтын медальді жеңіп алды, АҚШ, Мексика, Ямайка, Венесуэлла елдерінде гастрольдік концерттер берді. Ол халық әндері мен белгілі композиторлар туындыларын эстрадаға лайықтап өңдеумен қатар, өзі де музыка жазумен айналысады. Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы бойынша жазылған симфониясы, С.Хасеновтің «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», С.Жүнісовтің «Крассворд» спектакльдеріне, қысқа метражды фильмдерге жазған музыкасы, скрипкаға, жеке домбыраға, дуэт, трио, квартетке арналған күрделі шығармалары бар. «Жігіттер жыры», «Бойжеткен», «Ғашықтар әні», «Жар жүрегі», «Сұлулық», «Наурыз», «Құрбым-ай», «Ғашық жүрек», «Болашақ» әндері халыққа кеңінен танымал. 1993 ж. «Әуен» атты дыбыс жазу струдиясын ашты. Бірнеше дүркін Бүкілодақтық және Дүниежүзілік фестивальдар мен конкурстардың лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер