Мұратхан Егінбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұратхан Егінбаев (1939 жыл, Талдықорған облысы Үйгентас ауданы бұрыңғы Андреевка ауданы) — Қазақстан сазгері. Мұратхан Егінбаев ондаған әндер жазды. Батырлық пен батылдықтың, ақылдың айбыны болған халқымыздың жақсы мен жай­саңдарына, бағландарға арналған шығармалары көп. Олардың қатарында “Асанқайғы”, “Абылай”, “Қаракерей Қабанбай”, “Райымбек баба”, “Махамбет”, “Шоқан”, “Құрманғазы ке­мең­гер”, “Абайым”, “Жамбыл ата” туралы көр­кемдігі келісті, тәрбиелік мәні жоғары, та­рих­тың әр кезеңінен сыр тартқан, елі мен жерін жаудан қорғап, ұрпағына өлмес мұра қалдырған әндерімен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбанына айналған Қайрат Рысқұлбеков туралы “Қайраттың аза­сы”, “Желтоқсан таңы” секілді туындыларын жазып, жұртшылыққа ұсынды. Бұл елдің ел­дігін танытатын, халықтың қадірін арттыратын, пәс көңілді зорайтып, түскен ұнжырғаңды кө­теретін патриоттық әуендер қазақ даласының төрт бұрышына түгел жетті десек, артық айт­қандық емес<ref name="Мұраты мығым Мұратхан">Үлгі:Cite web</ref>.

Ол көптеген ән байқау­ларына қатысып, жүлдегер атан­ған. Тәуелсіз елімізде жа­рияланған бәйгелерде ба­ғы жанып келеді. Айталық, 2001 жылы “Жаңа ғасырға – жаңа ән” байқауында “Абылай хан” атты туы­н­­ды­сы гран-приді иеленсе, 2004 жылы “Елім менің” атты ту­ындысы үшінші жүлде алыпты. Осы секілді қол жет­кен табыстарын тізе бер­­сек, әңгіме желісі біраз жерге ұзары анық. Халық таныған, жұрты қадірлеген, ұрпағы сыйлаған азамат туралы қазақ өнерінің айтулы өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мың­жасар Маңғытаевтың мына бір жүрекжарды сөзін қалың қауымға ұсынсақ, Мұратхан Егін­баевтың бүкіл өнердегі болмысы айқындалары сөзсіз<ref name="Мұраты мығым Мұратхан"/>.

Өмірбаяны мен шығармашылығы

1939 жылы Талдықорған облысы Андреевка ауданында туған. Мұратхан Егінбаев 1958 жылы Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылық институтының сәулет өнер факультетіне оқуға түседі. Осы институтта домбра үйірмесін ашып, сол үйірменің жетекшісі болып, оқуы мен өнерді бірге алып жүреді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер