Мұратбек Омарбекұлы Жандәулетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұратбек Омарбекұлы Жандәулетов (2 мамыр 1946 жылы туған, Ташкент облысы Ахангаран ауданы)сәулетші.

Өмірбаяны

  • Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген (1970).
  • 1970 — 1986 жылдары “Қарағандықалаауылжоба” мемлекеттік жоспарлау институтында архитектор, аға архитектор, архитекторлар тобының жетекшісі, жобалардың бас архитекторы, №1 архитектор-жоспарлау шеберханасының жетекшісі болып қызмет істеді.
  • 1986 — 1988 жылдары Қарағанды қаласының бас архитекторы болды. Жандәулетов — Қарағандының “Степной” тәжірибелік ықшамауданының және қаланың жаңа орталық бөлігінің, сондай-ақ, Жезқазған қаласының орталығының, “Прибрежный” тәжірибелік ықшамауданының жобалаушысы. Қарағанды қаласының орталық бөлігінің жобасы мен құрылысы үшін Қазақстанның Мемлекет сыйлығының лауреаты атағына ие болды (1978).
  • 1988 — 1992 жылдары “Алматыбасжоспар” акционерлік қоғамы шеберханасының жетекшісі болып қызмет істеді.
  • 1992 жылдан “Алмату” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

Марапаттары

  • Қазақстанның Мемлекет сыйлығы (1978).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті