Мүслім Садықұлы Жұмағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүслім Садықұлы Жұмағалиев 1965 жылы 25 қазанда Қарағанды облысы Тельман ауданы Тегісжол ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Жұмағалиев Садық Бұланұлы (1928 жылы туған), зейнеткер, Киров атындағы кеңшарда ат күтуші болып жұмыс істеген. Анасы -Жұмағалиева (Нұрбекова) Үмітжан Ахметжан қызы, марқұм, Киров атындағы кеңшарда сауыншы болы жұмыс істеген.

Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің безендіру факультетін (1991) суретші-безендіруші мамандығы бойынша; Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясының сәндік-қолданбалы факультетін (1996) суретші-модельер мамандығы бойынша үздік бітірген.

И.С.Бах атындағы Органдық залының (Апьтенбург қаласы, Германия, 1984), Дрезден өнер галереясының (Германия 1985-1986) қалпына келтіруіне қатысты. «Нарынқол» «Байынқол» шекаралық заставаларды, Қапшағай демалыс аймағындағы пансионатты, ҚазССР Композиторлар одағының мұражайын, «Көгілдір толқын» демалыс аймағы (Ыстықкөл,Қырғызстан) безендірді. Балаларға арналған саябақ-мүсіндік кешеннің (Сарытек кенті, Қарағанды ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты, 1989-1990) авторы.

«Ақ сұнқар» көркемсуретті фильміндегі ұлттық киімдердің авторы әрі орындаушысы (2010); «Шәкен жұлдыздары казақстандық кинофестивалі мүсінінің дизайнын жасап имиджді стилі мен дизайнын орындады (Алматы қаласы, 2003).

Үлкен Саммит аясында өткен шараларға арнап ТМД елдер президенттеріне (Н.Ә.Назарбаевқа, Д.А.Медведевке А.Лукашенкоға және т.б.) арнаулы қазақ ұлттық киімдерінің дизайнын әзірлеп, жасады; Қазақстанның жаңа Елордасы Астана қаласына арналған гала-концерттің ашылуына арнап имиджді киімдердің топтамасын; «Даладағы соқпақ" жоғары сән фестивалінде Қазақстанның жаңа астанасын таныстыру рәсіміне арналған топтамасын (1998); Pozna Fashion Week халықаралық сән фестиваліне (Польша 1998); «Еуразия» 1-ші халықаралық кинофестивалін (1998); «Beautiful Регу» Халықаралық сән фестиваліне (Өзбекстан, 1998) қатысу үшін костюмдердің имиджді топтамасын; Ренн қаласы Халықаралық көрмесіне қатысу үшін костюмдер топтамасын (Франция, 2000); Қазақстан жән Орталық Азия аймағын мекендеген халықтардың тарихи этнографиялық костюмдер топтамасын (2002) және т.б. жасады. «Дәруіштер» (1999), Майра Мүхамедқызы (2002) Рамазан Стамғазиев (2003, 2005), Саят Медеуов (2004) «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестр (2007, 2009), Айгул Қосанова (2007), «Керулен» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (2007, 2008) және т.б. әртістер мен топтардың жеке концерттеріне арналған костюмдер мен имиджді бейнелер жасады. Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктерімен ұйымдастырылған шоу-бағдарламалар мен мерекелік шараларының костюм суретшісі (1996-2010). «Ғасырлар жаңғырығы» жеке көрмесін («Трибуна» галереясы, 1999), «Наурыз» мейрамына арналған ұлттық киімдер жеке көрмесін (Алматы қ., 2006); имиджді костюмдер топтамасының жеке көрсетілімін (Орал қаласы, 2002) өткізді.

Өмірбаяны

1983 жылдың мамыр айынан - Қарағанды облысы Тельман ауданы «Ленинский» №7 кеңшарының ат күтушісі. 1984 жылдың сәуір айынан 1986 жылдың сәуір айына дейін - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1996 жылдың қыркүйек айынан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. 2003 жылдың шілде айынан - «Эко» ЖШС суретші-дизайнері. 2006 жылдан - еркін суретші.

2010 жылдың қыркүйек айынан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сәндік және қолданбалы өнер факультеті «Театр костюмі және киім дизайны» кафедрасының меңгерушісі. ЖҚТБ-ға қарсы халықаралық плакаттар көрмесіне қатысқан (Алматы қаласы, 1997). ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі (1997 жылдан).

Алған жүлделері

«SIFA» жас дизайнерлер конкурсының (Алматы қаласы, 1997), «Fashion week Poznan, Poland» конкурсының (Польша, 1998), «Beautiful Регу» конкурсының Халықаралық әділқазылар алқасының мүшесі (Өзбекстан, 1998), «Қазақстан аруы» конкурсының (1999), «Baby Model» модельдердің бірінші қазақстандық балалар конкурсының (2003), Халықаралық сахналық костюм конкурсының (Астана қ., 2010) әділқазылар алқасының мүшесі. «Шығыс маусымы» сән фестивалінің дипломанты (Алматы қаласы, 1995, 1996, 1997). Silk Road халықаралық сән фестивалінің лауреаты, 3-ші орын және керермендердің ықыласы жүлдесінің иегері (Стамбул қаласы, Түркия, 2000). Польша, Франция, Түркия, Қытай, АҚШ, Сингапур, БАЭ, Мысыр, Өзбекстан және т.б. мемлекеттердің республикалық және халықаралық конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты және дипломанты. Мәдениет саласындағы Президент стипендиясының лауреаты (1997). «ҚР Білім беру үздігі» өңір белгісімен марапатталған (2000).

Діни көзқарасы - барлық дәстүрлі діндерге төзімді қарым-қатынас. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ли Куан Ю.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Біздің мемлекеттің әлеуеті үлкен, мен оның зор жетістіктерге жететініне сенемін! Ал оның басты байлығы - біздің халық! (пафоссыз, бірақ абыроймен!)».

Хоббиі - балаларды тәрбиелеу, кино, достар мен туған-туысқандармен араласу, табиғат аясына жорықтар, аңшылық, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, проза, мәдениет пен өнердің әлем тарихы және с.с.

Үйленген. Жұбайы - Жұмағалиева Салтанат Бейсенқызы (1971жылы туған), «Ертегі» ЖІІІС керкем жетекшісі.Қыздары -Жұмағалиева Алуа Мүслімқызы (1993 жылы туған), Жұмағалиева Елігай Мүслімқызы (1997 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


Үлгі:Bio-stub