Мүлік Сүртібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:М. Сүртібаев.tif
Мүлік Сүртібаев

Мүлік Сүртібаев (5 қараша, 1917 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданы) — қазақ актері, Қазақ КСР халық әртісі (1955).<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Өмірбаяны

  • Сахналық өнер жолын 1933 жылы бастады.
  • 1936 жылы Қарағанды драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. Мұнда 1956 жылға дейін ойнап, Төлеген (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Қозы (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш—Баян сұлуында"), Қобыланды (М.Әуезовтің "Қарақыпшақ Қобыландысында"), Ыбырай Алтынсарин (Ақынжановтың осы аттас драмасында), Абай (М.Әуезов пен Соболевтің осы аттас трагедиясында),Алдар көсе (Құсайыновтың осы аттас комедиясында), Труффальдино (Гольдонидың "Екі мырзаға бір қызметкерінде"), Хлестаков (Гогольдің "Ревизорында"), Фердинанд (Шиллердің "Зүлымдық пен махаббатында") т.б. әр алуан рөлдерді орындады.
  • 1957 жылдан Қазақ драма театрының құрамында актер. Осыдан былай қарай актер өнерінің өрлеу, творчествосының табысқа толы жаңа кезеңі басталды. Мұнда Ә.Тәжібаевтың "Майра" драмасындағы ақ көңіл Бақтиярды, М.Әуезовтің трагедиясындағы жалындаған жас батыр Кебек пен Көбей биді, Е.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясындағы" маңғазсынған, қызғаншақ Жалмұқанды, Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" мен "Құдағи келіпті" комедияларындағы мансапқор Сапар мен адамгершілігі мол, адал Сұңғатты, З.Қабдоловтың "Сөнбейтін от" драмасындағы өзімшіл, азғын Тайманды, орыстың классикалық драматургиясынан Н.В.Гогольдің "Үйлену" комедиясындағы өзінен-өзі үрейленіп жүрген топас, қуыс кеуде Подколесинді, А.Н.Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендеріндегі" ("Жазықсыз айыптыларындағы") комик актер Шмаганы, М.Горькийдің "Күннен туғандарындағы" ғалым-химик Павел Протасовты ойнап, өзінің көп қырлы сахна шебері екенін танытты. Психологиялық сезім шындығына құрылған рөлдерден Әуезовтің "Қаракөзіндегі" тағдыры аянышты Нарша, Б.Майлиннің "Майдан" драмасындағы момын шаруа Әліш, Қ.Мүхамеджановтың "Жат елде" пьесасындағы өмірі өкінішке толы Жұман, Моримото Каорудың "Шығыстағы бір бейбағындағы" Сесускэ мырза, Қ.Мұқашевтың "Дала дастанындағы" өр мінезді, өжет Жансүгір т. б. кейіпкерлерді М.Сүртібаев творчествосының белесті биігі ретінде ерекше атауға болады. 1970 жылы В.И.Лениннің сахналық тұлғасын (А.Каплердің "Ленин 1918 жылында") жасады. 1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ өдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1955 жылдан киноға түскен Аңғарбай ("Өжет қызда"), Мұрат ("Біздің сүйікті дәрігерде", 1958), Мадияр ("Ботакөзде", 1958), Маймұрын ("Егер де біздің әрқайсымызда...", 1962), Қабақбаев ("Үлымда", 1962), Найыл ("Ән қанатында", 1967) т.б. Буффонада мен эксцентрикаға бейім актер өнері үздік сахналық әрекетімен, пластикалық қимыл-қозғалысымен, бай мимикасымен ерекшеленеді.

Гастрольдік сапары

Гастрольдік сапармен Қазанда, Уфада, Нүкісте өнер көрсетті.

Марапаттары

  • Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970).
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub