Мыңбай Сұлтанбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мыңбай Сұлтанбеков (1895, Оңтүстік Қазақcтан облысы Алғабас ауданы бұрынғы "Қызыл арық" ұжымшары - ө.ж.б.) - ақын.

Қызыл отауда, мәдени-үгіт бригадасында қызмет атқарған. Сырнаймен, домбырамен айтатын әнші-ақын. Сұлтанбековтің "Жаңа ауыл", "Октябрь тойына" (1938), "Майдан ерлеріне", "Садық балама", "Сыпатай батыр", "Жеңіс күнгі қуаныш" (1941 - 1945), т.б. өлең толғаулары кезінде ауыл арасына кең тараған. Соғыс жылдары сол өңірдегі Айнабек Нысанов, Көпбай Әлімбетов, Желеу Жақыпов, Құлжабай Төлеуов тәрізді ақындармен айтысқан.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}