Мысыққұйрық
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Мысыққұйрық (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.
Өсетін жері, түрлері
Қазақстанның сортаңды-шөлді жерлерінде, өзен, көл және жылғалардың жағалауында өсетін 3 түрі: Жасық мысыққұйрық (Polypogon demіssus), Теңіз мысыққұйрық (Polypogon marіtіmus) және Монпель мысыққұйрық (Polypogon monspelіensіs) бар.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 3-40, кейде 60 см-ге жетеді.
- Бұтақталған сабағы болады.
- Жапырағы қандауыр пішінді.
- Гүлі қос жынысты, олар масақ гүлшоғырына топтанған.
- Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Мысыққұйрықты ерте көктемде мал жақсы жейді. <ref>Қазақ энциклопедиясы , 6 том</ref>