Мысты құмтастар мен тақтатастар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мысты құмтастар мен тақтатастар<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref>-шөгінді қабаттар арасындағы тұнбалы-диагенездік мыс кендерінің шоғырлары.
Олар платформалық құрылымдардың шеттерінде немесе қатпарлы аймақтардың бөктерлері мен қатпар арасындағы ойыстарда және аридтік климат белдемдерінде пайда болады. Құм, құмайт, сазды жыныстармен қатар бірен-саран жұқа мергель, әктас, доломит шоғырлары мысты қабаттармен қабаттаса кездеседі. Мысты шөгінділер теңіздің таяз жағалауларында, өзен-көлді атыраптарда шөгеді. Кен денелері пласт, линза түрінде кездесіп, кең аймаққа тараған бірнеше қабатты жыныс жүйелерін түзеді, сондықтан бұл кендерді стратиформдық кендер деп атайды. Кенді қабаттар магмалық және тектоник. құрылымдармен байланыссыз тарайды. Кентас минералдары биогендік көміртекпен, сульфидтік күкіртпен байланысты өсімдік қалдықтарымен сыбайлас түзіледі. Мыс кентастары көбінесе халькозин, борнит, халькопирит, пирит минералдарының сеппелерінен, ковеллин мен өңсіз кентастардың сирек қоспаларынан тұрады. Бұлардан басқа қорғасын, мырыш, кобальт, никель, күміс, рений сульфид|сульфидтері де кездеседі. Көне теңіздер мен қолтық шөгінділердің таяз жағалауларында мыс минералдары тұнады. Мұндай белдемдік алмасулар төменнен жоғары қарай да байқалады. Мысты құмтастар мен тақтатастардың негізгі қорлары протерозой (Олекма-Витим аймағы, Оңүстік Африка), девон (Қазақстан, Минуса), жоғарғы палеозой (Атбасар, Жезқазған, Орал,Донбасс),триас (АҚШ), палеоген (Боливия) қабаттарында шоғырланған.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мысты құмтастар мен тақтатастар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}