Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков (1 тамыз 1953 жылы туған, Талас ауданы, Ақөзек ауылы) – Экономика ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

  • Мәскеу басқару институтын (1982) бітірген. Мамандығы – инженер-экономист.
  • 1968 – 72 жылдары Сарысу аудандық Байқадам ауылындағы кәсіптік-техникалық училищенің оқушысы
  • Талас ауданындағы Жданов атындағы кеңшардың тракторшысы, клуб меңгерушісі.
  • 1972 – 87 жылдары Қаратау қаласындағы Тау-кен құрылыс техникумының студенті, әскер қатарындағы қызмет, Мәскеу басқару институтының студенті.
  • 1982 – 87 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық және Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институттарының оқытушысы, Қазақ политехникалық институтының аспиранты.
  • 1989 – 90 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанындағы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, сектор және бөлім меңгерушісі.
  • 1990 – 93 жылдары Алматы қалалық әкімшілігі экономика жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, төрағасының орынбасары.
  • 1993 – 94 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер кабинеті аппаратының сектор меңгерушісі.
  • 1994 – 97 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
  • 1997 – 98 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда мин-нің Аймақтық саясат және әлеуметтік сала департаментінің директоры, Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттігінің басқарма бастығы.
  • 1998 – 2003 жылдары Ақмола облысы статистика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы
  • «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы.
  • 2003 жылдың қаңтар айынан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}