Мырзамәдиев Атжомарт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атжомарт Мырзамәдиев (19272005) – гистолог-ғалым, биология ғылымдарының докторы (1966), профессор (1970), Қазақстан Академиясының академигі (2003). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1950). 1950 – 62 жылы осы институтта, 1962 – 95 ж. Қазақстан Академиясының Эксперименттік биология институтында ғылыми-педагокикалық және басшылық (1988 – 93 жылдары директоры) қызметтер атқарды. 1995 жылдан Қазақстан Академиясының Зоология институтында қызмет істейді. Мырзамәдиевтің негізгі ғылыми еңбектері цитология және цитогенетика мәселеріне арналған. Ол алғаш рет электрондық микроскоппен әрбір метафазалық хромосомаға ультрақұрылымдық сипаттама беріп, тұтас хромосомды зерттеудің идентификациясынжасады. Қазіргі кезде оның жасаған метафазалық хромосомалардың тотальдік препараттарын зерттеу әдістері көптеген шетелдік лаборотияларда қолданылады. Ол мал миының нейрондары дифференциясының (өсуінің) толық аяқталу мерзімін анықтады. Электрондық микроскоппен зерттеу әдісін қолдана отырып, кроссбред қойларына тән гетерозис құбылысының механизмін ашты. Оның жетекшілігімен адамдар мен мал хромосомасының субклеткалық құрылысы және қой жүнінің өсуі гистохимиялық тұрғыдан зерттелді; жаңа туған қозыларда болатын тұқым қуалаушылық ауытқулар хромосомалық ауытқуларға (аберрацияға) байланысты екені анықталды. Мырзамәдиев “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мырзамәдиев Атжомарт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}