Мустьер мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мустьер мәдениеті (Mousterian industry)- Еуропа, Батыс Азия және Солтүстік Африкадағы тас ғасырының мәдениеті, бұл мәдениетті ұстанушылар дәстүрлі түрде Неандертал деп саналады.<ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>. Еуропаны соңғы (вюрмдік) мұз басқан (40 мыңж.) дәуірдің бірінші жартысы деп даталанады.

Мустьер құрал-саймандарына диск тәрізді нуклеустерден дайындалған сабы қысқа балталар, қырғыштың және сүйірдің жаңқаларынан дайындалған кетік ара тәрізді құралдар, сүйірдің жан-жағын тыстау арқылы дайындалған домалақ ізбесті шарлар жатады, бұны бола (аңшының лақтыратын қару) ретінде пайдаланған.

Ағаш найзалар мамонт немесе түкті мүйізтұмсықтарды аулау үшін пайдаланылған. Мустьер қаруы неандертальдармен бірге Еуропадан жоғалып кетті.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}