Муниципалитет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Муниципалитет (неміс тілінде Munіzіpalіtät, өзін-өзі басқару құқығы бар қала) – Батыс Еуропа мен Американың кейбір елдеріндегі өзін-өзі басқарудың сайланбалы органы.

  • Муниципалитет мэр, бургомистр, тағы басқа басқаратын сайланбалы алқа мен шенеуніктік атқарушы аппараттан құралады. Муниципалитет өзі басқаратын аумақтағы қоғамдық кәсіпорындардың, тұрғын үй қоры мен басқа да дүние-мүліктің меншік иесі бола отырып, мемлекеттік мектептердің, жергілікті полицияның, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмысын басқарады.
  • Муниципалитеттің негізгі кіріс көзі – халықтан жиналатын жергілікті салықтар. Қаржымен қамтамасыз етілуі жағынан орталық үкіметке тікелей тәуелді болғанына қарамастан, муниципалитеттер – демократиялық маңызды институттардың бірі. Муниципалитетке халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдері сайланады және олар тұрғындармен тікелей жұмыс жасайды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Муниципалитет, муниципия — 1) бірқатар елдердегі (мыс., Бразилиядағы муниципия және т.б.) төменгі әкімшілік- аумақтық бірлік; 2) АҚШ пен Батыс Еуропаның кейбір елдеріндегі жергілікті өзін- өзі басқаратын орган.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Муниципалитет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}