Музыкалық эстетика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Музыкалық эстетика<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – музыканың табиғатын және оның көркемдік қасиетін зерттейтін ғылыми таным. Музыкалық эстетика өмір шындығын музыкада бейнелеудің өзіндік тәсілдері мен формаларын, музыкалық образдардың сипаттары мен мәнін, музыкадағы әсемдік категорияларын, мазмұн мен түрді, объективтілік пен субъективтілікті, типтілік пен дербестікті, логикалық пен эмоционалдықты, мәнерлеушілік пен бейнелеушілікті зерттейді. Музыкалық эстетика сондай-ақ музыка өнерінің идеялық, халықтық, көркемдік мәселелерін, оның қоғамдық мәнін, тарихи және ұлттық шарттылығын, дәстүр мен жаңашылдықты, еркіндік пен жеке өзгешеліктерді, стиль мен жанрды сөз етеді. Музыка жазу, оны орындау және қабылдау принциптері физикалық заңдармен, психикалық процестермен байланыстырыла зерттеледі. Музыкалық эстетика, сонымен қатар, музыкалық ойдың, музыкалық тілдің, музыкалық форманың жалпы заңдылықтарын, музыканың, өнердің басқа да салаларымен арақатынасын және байланысын зерттейді.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Кремлев Ю.А., Очерки по вопросам музыкальной эстетики, М., 1957
  • Лосев А.Ф., Античная музыкальная эстетика, М., 1960
  • Шестаков В.П., От эпоса к аффекту. История музыкальной эстетики от античности до 18 в., М., 1975

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Музыкалық эстетика|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}