Моряк Смағұлұлы Шегенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Моряк Смағұлұлы Шегенов 1956 жылы 6 наурызда Жезқазған облысында туған. Қазақ. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1982), заңгер. «Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының гуманизациясы», «Алқа билер институтын ендірудің заңнамалық негізі» мақалаларының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1973 жылдан - Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының «Успен» кеңшарында №1 бөлімше слесарі, тракторшы. 1974 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - «Успен» кеңшарының слесарі. 1977 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. 1982 жылдан - Жезқазған облыстық кәсіподақ кеңесінің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру белімінің нұсқаушысы. 1983 жылдан- Жезқазған көлік прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші, прокурордың көмекшісі. 1989 жылдан - Жезқазған облыстық сотының халық судьясы, мүшесі. 1995 жылдан - Жезқазған облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 1996 жылдан - Жезқазған облыстық сотының судьясы. 1997 жылдан - Қарағанды облыстық сотының судьясы. 2002 жылдан 2009 жылдың маусым айына дейін - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2009 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Жоғарғы сотының судьясы.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальмен, ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің неғұрлым жоғары дамыған елдерінің қатарына қосылу»
  • Хоббиі - поэзия.
  • Үйленген. Жұбайы - Қошанова Роза (1957 жылы туған), «Қазкомерцбанк» АҚ бас маманы. Ұлы - Ерлан (1986 жылы туған); қызы - Ләйлә (1984 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}