Молдақұл Сұлтанұлы Нарымбет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Молдақұл Сұлтанұлы Нарымбет (1948 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы ГлабаСай ауылы-13 ақпан, 2012) — Қазақ суретшісі.

Әкесі - Нарымбетов Сұлтан. Анасы - Қожабекова Ұлша, үй шаруасымен айналысады.

П. Беньков атындағы Ташкент көркемсурет училищесін (1974), сурет салу және сызу пәнінің оқытушысы; Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1992), сурет салу және сызу пәнінің оқытушысы.

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі.

Кескіндемеші, суретші-радикал, қазақ авангардының негізін салушы.

«Созақ», «Көкпар» (резеңкеден), «Скарабей», «Мен қазақпын», «Қорқыт», «Бал-бал», «Жебеушілік» жұмыстар сериясының, «Менің Қазақстаным», «Шаңырақ», «Киіз басу», «1994 жыл» кескіндеме жұмыстарының авторы. «Қызыл трактор» Шымкент суретшілер ұжымының жетекшісі.

Шетел және республикалық көрмелердің қатысушысы.

Жұмыстары Қазақстанның мұражайларында, шетел және отандық жеке коллекцияларында сақталуда.

1973 жылдан - ӨзКСР Ташкент облысының №31 ОМ сурет салу және сызу пәнінің оқытушысы. 1976 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесінің оқытушысы (Шымкент қаласы). 1993 жылдан - Өнеркәсіптік кооперативтің суретші-дизайнері. 2000 жылдан - «Хабар-2», «Ел-Арна» телекомпаниялардың бас суретшісі.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

Халықаралық сыйлықтың, «Жігер» сыйлығының лауреаты.

Үйленген. Жұбайы - Нарымбетова Салтанат Қасымқызы (1960 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Балалары - Махаббат(1974 жылы туған), Перизат(1975 жылы туған),Сәкен(1977 жылы туған), Ақтолқын (1980 жылы туған), Сахи (1982 жылы туған), Аия (2000 жылы туған)..<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}