Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры - Орыс театры атымен 1933 жылы Семей қаласында К. Треневтың «Любовь Яровая» спектаклімен шымылдығын ашты, коюшы-режиссері Юрий Рутковский.


Алматы қаласында театр А. Афиногеновтың «Страх» атты спектакілін көрермендерге көрсетіп, екінші рет ашылды. Театр құрамында Е. Кручинина, З. Морская, С. Ассуиров, М. Бранд деген артистер жұмыс атқарған. Алғашқы жылдары театр өз жұмысын орыс классикалық шығармаларын қоюға негізделген болатын. Ал осы қойылымдарды сахна төріне шығаруға бірталай атақты режиссерлер атсалысты — Л. Варпаховский, М. Гольдблат, Г. Товстоногов, Б. Бибиков, О. Пыжова, А. Ридаль, олардан кейін Я. Штейн, А. Соломарский, М. Сулимов, С. Казимирский, А. Мадиевский сынды режиссерлер театр деңгейін көтерді.

Өткен ғасырдың 60-ші — 80-ші жылдары театрдың көрнекті қойылымдары бүкіл республикаға танымал болды, ол Ф. Абрамовтың «Две зимы и три лета», А. Вампиловтың «Свиданье в предместье», «Прошлым летом в Чулымске», «Утиная охота», Д. Вассерманның «Человек из Ламанчи», В. Розовтың «Гнездо глухаря», «Кабанчик», А. Галинның «Ретро», П. Шеффердің «Амадей», Н. Лесковтың «Расточитель», Ю. Домбровскийдің «Факультет ненужных вещей» атты спектакльдері.

Театрдың қазақ драматургияға да бет бұрған кезеңдер болған. М. Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобланды», «Түнгі сарын», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян слу» классикалық шығармалары сахналанды.

Сол жылдыры орыс актерлермен бірге қазақ артистері де ойынаған қойылымдар кейде жарық көрді. Мысалы, КСРО-ның халық артисі Х. Бөкеева «Иван Грозный» спектаклінде Мария Тюмрюковнаны, ал А. Жолымбетов — Ханзаданы ойнаған. Сондай-ақ, КСРО-ның халық артисі Ш. Айманов «Голубые корни» қойылымда Бреттің, ал Қазақ ССР-інің халық артисі Н. Жантөрин «Порт-Артурда» Звонаревтің бейнесін сомдады.

1964 жылы М.Ю. Лермонтовтың 150-жылдығына орай театрға ақынның есімі берілді.

Театрға 1974 жылы академиялық деген атағы берілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}