Меңдіхан Темірғалиұлы Күзембаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күзембаев Меңдіхан Темірғалиұлы (1921-2003) – полиграфист. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

[[1938 Алматы қаласындағы екі жылдық линотипистер курсын бітірген. Еңбек жолын 1937 жылы Петропавл облыстық типографиясында теруші-шәкірт болып бастаған. Сол жылы теруші-линотипист, 1941 жылы теру машинасының инструкторы, 1948 жылы Петропавл облыстық баспаханасының директоры, 1950 жылы Алматы полиграфкомбинатының директоры, 1956 жылы ҚазУчпедгиздің директорының орынбасары, 1957 жылы қайтадан Алматы полиграфкомбинатының директоры болып сайланып, осы міндетті 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін үзіліссіз атқарып келді.

Отандық полиграфияны Күзембаевтан бөліп қарау еш мүмкін емес, әсіресе, Алматы полиграфкомбинатының тарихы Күзембаевтың өмір тағдыры деуге болады. Өйткені, ол жалпы полиграфия саласында 50 жылдай жұмыс істеген, Алматы полиграфкомбинатын 40 жылға жуық басқарған.

М.Т. Күзембаев Полиграфкомбинатқа басшылық еткен жылдары өндірісті ұйымдастыру және оны барынша дамыған құрал-жабдықтармен жарақтандыру, өндіріске жаңа технологияны енгізу арқылы кәсіпорынның қуатын арттыру мәселелері бойынша қыруар шараларды жүзеге асырды. Осы ерен еңбегінің нәтижесінде Алматы полиграфкомбинаты көптеген жылдар бойы полиграфиялық өндірістің көшбасшысы атанды және ол қуатты өндіріс орнына айналды. Күзембаев өндіріс орнында әлеуметтік мәселелерді шешуге де мол көңіл бөліп отырды.

М.Т. Күзембаев ел өмірінде үлкен-үлкен қоғамдық жұмыстар атқарды - тоғыз рет Халық депутаттары кеңесінің аудандық және қалалық депутаты болып сайланды. Оның елге сіңірген игі еңбегі үкімет тарапынан әділ бағаланып, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, бұрынғы Одақтың және қазіргі республикамыздың медальдарымен марапатталды. «Қазақ КСР-і мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бірнеше дүркін «КСРО баспа ісінің үздігі» атанды. 1971 жылы КОКП XXIV съезінің делегаты болып сайланды. Сөйтіп, М.Т. Күзембаевтың халқына сіңірген игі еңбегі ұшан-теңіз. Ол ел аузында полиграфия профессоры атанып кетті.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}